Акционерлер мен инвесторларға

2008 жылғы инвестициялық бағдарламаны іске асыру қорытындысы

2008 жылы негізгі инвестициялар контейнер паркін жаңартуға, Достық стансасында № 4 тасымалдау орнына техника сатып алуға және Қоғамның өндірістік жүйесін ақпараттандыруға бағытталды.

2008 жылы инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында жалпы сомасы 520,3 млн. теңгеге жобалар орындалды.

«Жаңа өндірістік жобаларға күрделі жұмсалым» бағыты бойынша 185,6 млн. теңгеге 20-футтық 706 контейнер сатып алынды,

«Өндірістің ағынды деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірістік жобаларға күрделі жұмсалым» бағыты бойынша 303,4 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

  • техника мен өндірістік құралдар сатып алуға – 281,0 млн. теңге
  • ақпараттандыру мен байланысты дамытуға – 18,8 млн. теңге;
  • ЖСҚ өңдеу мен құрылысқа - 3,6 млн. теңге.

«Өндірістік емес салаға және әкімшілікке күрделі жұмсалым» бағыты бойынша еңбектің әкімшілік жағдайын жетілдіру мақсатында 31,2 млн. теңге игерілді.

2008 жылы инфестициялық бағдарламаны қаржыландыру меншікті қаржы арқылы жүргізілді.

2009 жылға Қоғамның инвестициялық бағдарламасының басым бағыттары мен 2010-2020 жылдарға негізгі құралдарды жаңарту мен жетілдіру Бағдарламасы.

2009 жылға Қоғамның инвестициялық бағдарламасы 1 489,5 млн. теңге деңгейінде жоспарланған (ҚБС-сыз). Негізгі инвестициялар өткен жылдардағыдай 558,6 млн. теңгеге контейнер паркін ұлғайтуға, оның ішінде 500 дана контейнер сатып алуға және 500 дана арнаулы 20-футтық контейнерді жетілдіруге, 110,7 млн.теңгеге 31 дана фитингті платформаның қызмет мерзімін ұзарту үшін күрделі жөндеуден өткізуге, 40,0 млн.теңгеге контейнер тасымалдаушы автотехниканы сатып алуға жұмсалады.