Жөндеу шаруашылығы
«Қазтранссервис» АҚ жөндеу цехтары бойынша ақпарат
Контейнер паркінің техникалық жағдайын қалыпты ұстау мақсатында «Қазтранссервис» АҚ Түркістан және Семей қалаларында контейнер жөндейтін екі цехы бар, сонымен қатар, Тюра-Там, Жилаево, Астана, Көкшетау және Шымкент стансаларында контейнер жөндейтін пункттері орналасқан.
Түркістан стансасындағы жөндеу цехы жерде жүретін орта тонналы контейнерлерге, 1А, 1АА, 1С және 1СС түрді көп тонналы контейнерлерге техникалық куәландыруымен барлық жөндеу жұмысын жүргізуге арналған (Ресейдің теңіз көлігі регистрімен 15.04.2008 ж. берілген №08.00015.044 «Контейнерлерді жөндеуге құқылы кәсіпорынды растау куәлігі» ).
Цехтың жылдық қуаты – 1000 көп тонналы контейнерді жөндеуден өткізу.
Семей стансасындағы жөндеу цехы - жерде жүретін орта тонналы контейнерлерге, 1А, 1АА, 1С және 1СС түрді көп тонналы контейнерлерге техникалық куәландырусыз барлық жөндеу жұмысын жүргізуге арналған.
Цехтың жылдық қуаты – 1000 орта тонналы контейнерді жөндеуден өткізу.
Торе-Там, Жилаево, Астана, Көкшетау және Шымкент стансаларындағы жөндеу цехтары - жерде жүретін орта тонналы контейнерлерге, 1А, 1АА, 1С және 1СС түрді көп тонналы контейнерлерге техникалық куәландырусыз ағынды жөндеу жұмысын жүргізуге арналған.
Әр цехтың жылдық қуаты –400 контейнер жөндеу.






