Тарих
РМК 19.11.1999 ж. № 611 бұйрығы негізінде «Демалыс орны-Боровской рельс әзірлеу пойызы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны «Қазтранссервис» еншілес мемлекеттік кәсіпорнына өзгертілді. Қайта құрылған «Қазтранссервис» ЕМК «Қазақстан темір жолының» контейнер паркі, темір жолдары мен жүк шаруашылығын пайдалану функциялары берілді.
1999 жылдың 10 желтоқсанындағы № 3-пр. бұйрығына сәйкес «Қазтранссервис» ЕМК бөлімшелері ашылды: Астана қаласында орналасқан «Солтүстік» бөлімшесі, Ақтөбе қаласында- «Батыс» бөлімшесі, «Оңтүстік» бөлімшесі- Алматы қаласында.
«Қазақстан темір жолы» РМК 27.06.01 ж. № 342-Ц бұйрығы негізінде «Қазтранссервис» ЕМК балансына 1061 дана құрамды вагон паркі берілді, оның ішінде контейнер тасымалдаушы- 491 дана, фитингті платформа- 570 дана. 2002 жылдың 21 мамырындағы ҚР Үкіметінің № 479 Қаулысына сәйкес «Қазтранссервис» ЕМК «Қазтранссервис» ашық акционерлік қоғамына өзгертілді. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес 2004 жылдың 01 сәуірінде «Қазтранссервис» ААҚ «Қазтранссервис» АҚ өзгертілді.






