Басты бет


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қысқа мерзім ішінде біздің компания Қазақстан темір жолдарындағы тасымалдау жүйесінде өзінің заңды орнын таба білді, Еуропа мен Азия елдерінде серіктестермен байланыс орнатып, үнемі жетілдіруде, әлемдік нарық алаңына сенімді және қадірлі серіктес болып шықты. «Қазтранссервис» АҚ басты мақсаты – Компанияның кешенді дамуы, жоғары дәрежелі экономикалық пайдалы, бәсекеге қабілетті контейнерлермен жүк тасымалдауды қамтамасыз ету және контейнермен жүк тасымалдаудың ішкі және сыртқы нарығының қажеттілігін қанағаттандыру.

Қазіргі күнде «Қазтранссервис» АҚ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ контейнер паркінің ресми операторы бола отырып, тарифті әзірлеу, тауарды тиеу, түсіру және тасымалдау сияқты қызметтер көрсетеді. Бұл үшін біздің ұжымда қажеттінің бәрі бар: мол тәжірибе, жоғарғы кәсіби біліктілік, келісім міндеттерін нақты орындау мен біздің Компанияға келген әр адаммен адал және сапалы жұмыс істеу құштарлығы. Тұрақталған жұмыс технологиясы мен қызметкерлердің жоғарғы біліктілігі бізге Қазақстан темір жолдарымен барлық бағытта жүк тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз жүктің шығарылған жерінен, жолдағы кездескен қиындықтарды шешумен қатар, алушыға жетуін қамтамасыз етеміз. Барлық мүддесі бар клиенттерді сапалы ынтымақтастыққа шақырамыз!

Толығырақ «Компания туралы» бетінде қараңыз.

Работы с бетоном - инъекционная гидроизоляция Петербург | ISO 14001 недорого и без хлопот можно получить только у нас.